2025 жылдың 16 қазаны күні Ақмола облыстық Әдебиет және өнер музейі мен Ақмола облыстық Ақмола облысы дін істері басқармасының "Конфессияаралық қатынстарды таудау және дамыту орталығы" КММ-нің бірлесіп ұйымдастыруымен Рухани-келісім күніне орай "Болашаққа бастар жол" атты дөңгелек үстел болып өтті. Шараның мақсаты – өзара түсіністік пен конфессияаралық және мәдениетаралық диалогты дамыту, рухани төзімділік құндылықтарын насихаттау болды.
Іс-шараға спикер ретінде: Жұлтаев Нұрлан – «Жакия қажы» мешітінің наиб имамы; Валерий Анферов – Епархия басқармасының хатшысы; Шоқан Уәлиханов атындағы университеттің медицина факультетінің шетелдік студенттері: Zuhra Darmani (Ауғанстан), Chaubey Praveen Kumar (Үндістан), Hameed Muhammad Rafay (Пәкістан) қатысты.
Кездесу барысында рухани төзімділік мәдениетін қалыптастырудың маңызы, әртүрлі дін өкілдері мен халықтар арасындағы келісім мен өзара құрметтің қажеттілігі талқыланды. Шетелдік студенттер өз елдерінің мәдениеті мен рухани дәстүрлері жайында әңгімелеп, ортақ құндылықтар – бейбітшілік, түсіністік және сыйластық туралы ой бөлісті.
Іс-шара ашық пікір алмасу мен өзара құрмет рухында өтіп, қоғамдағы рухани бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.





