2025 жылдың 11 желтоқсанында Әдебиет және өнер музейінде суретші, монументалист Қанапия Оспановтың «Өзім туралы...» атты жеке көрмесінің ашылуы өтті.
Қанапия Оспанұлы 1941 жылы Көкшетау облысының Зеренді ауданында дүниеге келген. Мәскеу технология институтын үздік бітіріп, көркемсурет өнерін дамытуға үлкен үлес қосқан суретші. Т.Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясының профессоры. Қазақстан Суретшілері одағының мүшесі.
Аталған көрмеге суретшінің жиырмадан астам шығармасы қойылды. Тарихи тұлғалар мен кезеңдерді бейнелеген өнер туындылары көпшіліктің шынайы таңданысын тудырды. Түрлі техника мен жанрды қамтыған шығармалар талғамы биік өнерсүйер қауымның жоғары бағасына ие болды.
Көрменің ашылу рәсімінде Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова қылқалам шеберіне шығармашылық табыс, зор денсаулық тілеп, Ақмола облысы әкімінің құттықтау хатын табыстады.
Іс-шара соңында көрме авторы өзінің өмір жолы өнер жолы жайында қысқаша баяндай келе, шығармашылығын насихаттап, жеке көрмені жоғары деңгейде өткізген музей ұжымына алғыс білдіріп, қолдап келген көрерменге рақмет айтты.





