Бүгін: 10.03.2026
Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде - ұлт та ұлы бола алмайды. Ғабит Мүсірепов

    2026 жылғы 5 наурызда, Әдебиет және өнер музейінде Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Көктем әуені» атты көркемсурет көрмесі ұйымдастырылып, салтанатты түрде ашылды. Іс-шараның негізгі мақсаты: әйел-аналардың мерекесін лайықты атап өту, әйелдердің қоғамдағы рөлін дәріптеу, көктем мерекесінің әсемдігін өнер арқылы насихаттау және шығармашылық иелерінің еңбектерін көпшілікке таныстыру.

   Көрмеге барлығы 12 автор қатысып, олардың әрқайсысының бірегей туындылары көрермен назарына ұсынылды. Қойылған жұмыстардың қатарында кескіндеме, қолөнер, сәндік-қолданбалы өнер және заманауи бағыттағы шығармалар болды. Әрбір туынды көктемнің жаңаруын, нәзіктік пен сұлулықты, ана мейірімін және әйел бейнесінің көркемдігін бейнелейді.

   Көрменің ашылу салтанатында Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы А.Сәбитова құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға алғыс білдірді. Келушілер авторлардың шығармаларымен танысып, өз пікірлерін білдіріп, ерекше әсер алды. Іс-шара мерекелік көңіл күйде өтіп, қатысушылар мен қонақтарға көтеріңкі рух сыйлады.

   Қорытындылай келе, «Көктем әуені» көрмесі шығармашылық иелерінің еңбегін насихаттауға және Халықаралық әйелдер күні мерекесінің мәнін арттыра түсуге өз үлесін қосты.