2026 жылдың 17 наурызында Әдебиет және өнер музейінің ұйымдастыруымен ақын, әнші-сазгер Мұса Асайыновтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Өнермен өрілген өмір» атты әдеби кеш болып өтті. Арқа ән мектебінің өкілі Үкілі Ыбырайдың шәкірті болған асқақ әншінің артында қалған рухани мұра баршылық. Ғалымдар мен өнертанушылар келген жастарға өнерпаздың сан қырын әңгімелеп берді.
Мұса Асайынов 1929 жылы Көкшетау облысы, Айыртау ауданының Өскен ауылында дүниеге келген. Мұсаның үлкен атасы-атақты әнші, ақын Үкілі Ыбырай, нағашысы ақын Молдахмет Тырбиев. Ақын 13 жасынан домбыра тартып, 15 жасынан бастап өлең шығара бастаған. Өнерге құштар Мұса 15 жасынан бастап Солтүстік Қазақстан филормониясының әншісі болып алынады. Ол өзінен бұрынғы асыл мұраны жинап, халқына қызмет ете білді.
Әсерлі әңгіме, әсем әнмен өрілген әдеби кеш мазмұнды да мағыналы өтіп, көпшілік риза көңілмен тарқасты.





