2026 жылдың 19 наурызы күні Ақмола облысының Әдебиет және өнер музейiнде әз-Наурыз мерекесi қарсаңында, Көкшетау қаласыдағы ЖОО мен арнаулы орта бiлiм беретiн оқу орындары студенттерi арасында "Наурыз нақыштары" атты жас суретшiлер байқауының қорытындысы болып өттi.
Байқаудың мақсаты: ұлыстың ұлы күнi әз-Наурыз мерекесiн лайықты деңгейде атап өту; ұлттық нақышта бедерленген көркемсурет туындылары арқылы көпшiлiктiң ұлттық рухын ояту, қазақ халқының мәдениетi турасында мол мағлұматтар меңгерту; суретшi жастардың арасында байқау ұйымдастыра отырып, жас буынның шығармашылыққа деген қызығушылығын арттыру; туындыларын көпшiлiк назарына ұсынып, қылқалам шеберлерiне қанат бiтiру, өнердiң өрелi жолына нық сенiммен қадам басуға шақыру болып табылды.
Байқауға Ш.Уәлиханов атындағы КУ-дiң, Ақан серi атындағы жоғары мәдениет колледжiнің, А.Мырзахметов университетінің суретші студенттерi жұмыстарын ұсынды.
Жас суретшiлердiң жұмысына ҚР Суретшілер одағының мүшесі Манарбек Бұрмағанов, суретші Наталья Лосева, Әдебиет және өнер музейініңмузей директоры Нұрбек Нұралы төрелiк жасады.
Қазылар алқасының шешiмi бойынша жүлделi ІІІ орындарды А.Мырзахметов университетнің студенті Хасаналишо Бандишов пен Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-дiң студенті Өмірзақова Саягүл өзара бөлісті. Ал, ІІ орын А.Мырзахметов университетнің студенті Жанел Мырзатаеваға бұйырды. Сайыстың жеңімпазы болып Ш.Уәлиханов университетінің студенті Саяжан Бекенова танылды.
Қазылар алқасы іс-шара соңында сайысқа қатысушы жас суретшiлерге шығармашылық табыс тіледі. Байқауға жұмыстарын ұсынған басқа да балғын суретшiлер алғыс хаттармен, ынталандыру сйлықтарымен марапатталып, жүлдегерлерге бағалы бұйымдар табыс етiлдi.





