2026 жылдың 15 сәуірі күні Әдебиет және өнер музейінде Көкшетау қаласындағы Балалар көркемсурет мектебі оқытушыларының "Шығармашылық жолы" атты шығармашылық көрмесінің ашылуы болып өтті. Көрмеге 13 оқытушының, отызға тарта жұмыстары қойылды.
Көрмеде бейнелеу өнерінің әртүрлі бағыттары ұсынылған: кескіндеме, графика, сәндік-қолданбалы өнер. Экспозиция көркемдік тәжірибелердің кең ауқымын қамтып, түрлі техника, көркем тілдер мен авторлық тәсілдердің алуандығын көрсетеді.
Бұл көрме оқытушыны тек ұстаз ретінде ғана емес, сонымен қатар үнемі дамып отыратын суретші ретінде көруге мүмкіндік береді. Бұл көркемдік білім берудің маңызды қыры, себебі оқытушының жеке шығармашылық тәжірибесі оқу үдерісінің тереңдігі мен өзектілігін қалыптастырады.
Қатысушылардың бірқатары Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі атанды, бұл олардың кәсіби деңгейінің жоғары екенін және өнер кеңістігінде мойындалғанын дәлелдейді. Олардың қатарында: Магзумов Дужан Нуроллович, Булгакова Наталья Андреевна, Соловьева Татьяна Александровна, Желобкова Юлия Владимировна, Сарсенбаева Акмарал Борибаева бар.
Іс-шара барысында Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова, Қазақстан Суретшілер одағы Ақмола облыстық филиалының төрағасы Юрий Попов, Балалар көркемсурет мектебі директоры Юлия Желобкова, Әдебиет және өнер музейінің директоры Нұрбек Нұралы тәрізді қонақтар сөз сөйлеп, суретші мұғалімдердің жұмыстарына жоғары баға беріп, шығармашылық шалқар шабыт тіледі.
Жоғары талғамға сай салынған сурет көрмесінен түрлі бағыттарға ұсынылған жұмыстарды тамашлаған көпшілік іс-шаражан көтеріңкі көңілмен тарқасты.





