Бүгін Ұлттық кітап күні. Осы күнге орай, 2026 жылдың 16 сәуірі күні Әдебиет және өнер музейінде "Кітап — рухани мұра: Ясауи хикметтері" атты әдеби-танымдық іс-шара болып өтті.
Іс-шараның мақсаты – кітап оқуды насихаттау, рухани құндылықтарды дәріптеу және Қожа Ахмет Ясауидің хикметтері арқылы ұлттық мәдени мұраны кеңінен таныту болып табылды.
Іс-шараға зиялы қауым өкілдері Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенттері қатысты.
Іс-шара барысында Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен шығармашылық мұрасы туралы мазмұнды мәліметтер ұсынылып, оның «Диуани хикмет» еңбегінің тәрбиелік, рухани және адамгершілік құндылықтары кеңінен насихатталды. Қатысушылар хикметтерден үзінділер оқып, олардың бүгінгі қоғамдағы маңызы туралы өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Сондай-ақ, музей директоры Н.Нұралы Әдебиет және өнер музейі қорындағы "Диуани хикмет" кітабының Көкшетаулық нұқсасының, табылуы және насихатталуы турасында баяндама жасады.
Кездесу барысында кітаптың адам өміріндегі орны, оқу мәдениетін қалыптастыру және ұлттық руханиятты сақтаудағы рөлі жөнінде пікір алмасу ұйымдастырылды. Сонымен қатар музей қорындағы сирек кітаптар мен рухани мұраға қатысты жәдігерлерден көрме таныстырылып, келушілерге олардың тарихы мен ерекшеліктері жөнінде ақпарат берілді.
Ұлттық кітап күні өткен танымдық іс-шардан көпшілік рухани байып, көткеріңкі көңіл-күймен тарқасты.





