2026 жылдың 17 сәуірі күні Әдебиет және өнер музейінің қызметкерлері журналист, жазушы-аудармашы, қоғам және мәдениет қайраткері, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Төлеғұл Ғосман Төлеғұлұлының шаңырағында болып, еске алу кешін өткізді.
Кеш барысында, Ғосман Төлеғұлұлының қызметтес, қаламдас бауырлары Серік Сапарұлы пен Қаратай Байкенұлы марқұмның шығармашылық еңбегі, өмір жолындағы ізгі қасиеттері туралы естеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ, Ғосман Төлеғұлдың жары Күлзағила Ержанқызы және інісі Мұратбек Нартайұлы да көңілдеріндегі ізгі тілектері мен ыстық ықыластарын айтып, сағынышпен еске алысты.
Шара соңында Күлзағила Ержанқызы, Ғосман Төлеғұлдың тірісінде жазған еңбектері мен қолданған заттарын, жәдігерлерін музей қорына тапсырып, ұжымға алғысын білдірді.







