Бүгін: 29.06.2026
Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде - ұлт та ұлы бола алмайды. Ғабит Мүсірепов

     2026 жылдың 28 сәуірі күні Әдебиет және өнер музейінде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бір шаңырақ астында: мәдениеттер және дәстүрлер үндестігі» атты іс-шара өтті. Іс-шараға Ш.Уәлиханов атындағы университет студенттері мен этникалық топтар қатарындағы жастар қатысты. Іс-шараның мақсаты – этносаралық келісімді нығайту, Қазақстандағы мәдени әралуандылықты насихаттау және елімізде тұратын түрлі халықтардың дәстүрлеріне құрмет қалыптастыру болып табылды.

     Іс-шара барысында Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ ЭМБ-мен жұмыс және жобаларды іске асыру бөлімінің бас сарапшысы Нұрсейітов Тлектес Көпешұлы, «Чинсон» корей этномәдени бірлестігінің жетекшісі Син Жанна Павловна, Ауғанстаннан келген, хазарей халқының өкілі, студент Зухра Дарманилер спикерлері ретінде сөз сөйлеп өз халықтарының мәдениеті мен дәстүрлері туралы баяндады.

     Іс-шара барысында этносаралық бірлік, мәдени әралуандылық және қоғамдық келісім мен өзара түсіністікті нығайтудағы халық дәстүрлерінің маңызы талқыланды. Іс-шара соңында Ш. Уәлиханов атындағы университет студенттері арасындағы белсенділер мен Ақмола облыстық ОО ККЦ «Чинсон» корей жастары қозғалысының белсенділері қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқаны және мәдениетаралық диалогты дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды.