2025 жылдың 11 желтоқсанында Әдебиет және өнер музейінде суретші, монументалист Қанапия Оспановтың «Өзім туралы...» атты жеке көрмесінің ашылуы өтті.
Қанапия Оспанұлы 1941 жылы Көкшетау облысының Зеренді ауданында дүниеге келген. Мәскеу технология институтын үздік бітіріп, көркемсурет өнерін дамытуға үлкен үлес қосқан суретші. Т.Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясының профессоры. Қазақстан Суретшілері одағының мүшесі.
Өтінім берген оқушылардың ішінен қазылар алқасы сегіз үміткерді ғана іріктеп алды. Жарыстың негізгі кезеңіне шыққан сегіз бүлдіршін өнері мен білімін ортаға салып, көпшілік көрерменді тәнті етті. Тіл тазалығын сақтаған, дауыс ырғағын дұрыс қойған, әртістік қабілетін көрсете білген сайыскерлер жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды анықтады.
2025 жылдың 29 қазаны күні Ақмола облысы мәдениет басқармасының Әдебиет және өнер музейінде Алтын Орда мемлекетінің 755 жылдығы мен Қазақ хандығының 560 жылдығына, Қазақстан Республикасының Егемендігі туралы декларациясының қабылданғанына 30 жыл толуына арналған «ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫ – ХАНДЫҚ ДӘУІР АЙНАСЫ» атты ғылыми-теориялық конференция болып өтті. Өсіп келе жатқан жас буынның патриоттық тәлім-тәрбие алуына ықпал ету, жастардың өз тарихына құрметпен қарауына себепкер болу, ел мен жерге қорған болған жауынгер хан, батырлардың ерлігін әспеттеу – іс-шараның басты мақсаты еді. Сондай-ақ, тарих пен әдебиет саласында еңбек етіп, тың тақырыптарды зерттеп жүрген ғалымдар мен ізденімпаз жастарды жүздестіріп, тәжірибе алмасу да жас ғалымдардың стимулын арттыруға деген үлкен мүмкіндік.
2025 жылдың 22 қазанында Әдебиет және өнер музейінде суретші, Ұлттық дизайн академиясының академигі Ибрагим Исаның шығармашылығына арналған "Еркіндік пен үнсіздік" атты жеке көрмесі өтті. Іс-шара Республика күніне орай ұйымдастырылып, тәуелсіздік пен рухани еркіндік тақырыбын арқау етті.
2025 жылдың 16 қазаны күні Ақмола облыстық Әдебиет және өнер музейі мен Ақмола облыстық Ақмола облысы дін істері басқармасының "Конфессияаралық қатынстарды таудау және дамыту орталығы" КММ-нің бірлесіп ұйымдастыруымен Рухани-келісім күніне орай "Болашаққа бастар жол" атты дөңгелек үстел болып өтті. Шараның мақсаты – өзара түсіністік пен конфессияаралық және мәдениетаралық диалогты дамыту, рухани төзімділік құндылықтарын насихаттау болды.
2025 жылдың 25 қыркүйек күні Әдебиет және өнер музейінде көрнекті ақын, Мемлекеттің сыйлықтың иегері Жұмекен Нәжімеденовтың туғанына 90 жыл толуына орай «Жыр жұлдызы – Жұмекен» атты әдеби-танымдық кеш өтті.
